×
$
464.02
536.18
5.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
464.02
536.18
5.54

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті: Орталық стадион маңында қандай шектеулер енгізіледі?

Бүгін, 15:32
Канье Уэсттің Алматыдағы концерті: Орталық стадион маңында қандай шектеулер енгізіледі?
Алматы әкімдігі

15 тамызда Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің бірқатар бағыты уақытша өзгереді. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін Орталық стадион маңында көліктерге уақытша шектеу енгізіледі. Осыған байланысты кейбір автобус пен троллейбус бағыттары өзгертілген кесте бойынша қатынайды.

Концерт бір күнге шегерілді

Бастапқыда Канье Уэстің концерті 14 тамызда өтуге тиіс еді. Алайда концерт басталарға аз уақыт қалғанда ұйымдастырушылар шараның 15 тамызға ауыстырылғанын хабарлады.

Олар бұған қолайсыз ауа райы себеп болғанын айтты. Мұны әртістің өзі де растады.

Концерт кейінге шегерілген соң кей жанкүйер билет ақшасын қайтара алмай жатқанын айтып шағымданды. Олардың кейбірі Алматыға басқа қалалар мен елдерден арнайы келген, сондықтан жаңа күні концертке қатыса алмайды.