×
$
462.22
536.5
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
462.22
536.5
5.43

Сот орындаушылары құмар ойынға 180 млн теңгеге жуық қаржы жұмсаған

20.08.2026, 13:42
Сот орындаушылары құмар ойынға 180 млн теңгеге жуық қаржы жұмсаған
ЖИ/ Ulysmedia

Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысы Olimpbet букмекерлік кеңсесінде бәс тіккен. Олардың ойын шоттарындағы операциялардың жалпы сомасы 180 млн теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бұл жайт прокуратура жүргізген тексеру барысында анықталған. Ең ірі сомалар екі жеке сот орындаушысына тиесілі болған. Олардың бірі үш жыл ішінде ойын шотын 139 млн теңгеге толықтырған. Ал екіншісі бәс тігуге 26 млн теңге аударған. Осылайша, тек осы екі адамның шоттары арқылы 165 млн теңге өткен.

Прокуратура жеке сот орындаушыларының қоғам үшін маңызды функцияларды атқаратынын атап өтті. Құмар ойындарға мұндай көлемде қаржы жұмсау олардың кәсіби әдеп пен адалдық қағидаттарын сақтауына қатысты сұрақтар туғызады.

Тексеру нәтижелері Әділет органдарына жолданды

Тексеру қорытындысы бойынша прокуратура Алматы облысының Әділет департаменті мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына прокурорлық қадағалау актілерін жолдады.

Енді тиісті органдар материалдарды қарап, жеке сот орындаушыларына қатысты заңда көзделген шараларды қабылдауға тиіс.