×
$
447.14
€
500.35
₽
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.14
€
500.35
₽
5.24

Алматы облысында мас жүргізуші төрт жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Бүгін, 10:41
Алматы облысында мас жүргізуші төрт жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кетті
svodka.akipress.org

Алматы облысының Көксай ауылында жол талғамайтын көлік жүргізушісі тротуарда тұрған төрт жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Әлеуметтік желілерде тараған видеодан оқиға жолдағы кептеліске байланысты болғанын көруге болады. Ер адам мұны айналып өтпек болған. Алайда маневр жасау кезінде кері қозғалып келе жатқан жеңіл көлікпен соқтығысқан.

Алғаш соқтығыстаннан кейін жүргізуші тоқтамаған. Көлік тротуарға шығып кетіп, онда тұрған төрт жасөспірімді қағып кеткен. Соның салдарынан екі жасөспірім дене жарақатын алған.

Одан кейін көлік кептелісте тұрған тағы бір автомобильге соғылған. Жол-көлік оқиғасының сәтін басқа көлік жүргізушісінің видеотіркегіші түсіріп алған.

Полиция не дейді?

Алдын ала мәлімет бойынша, көлік тізгінінде мас ер адам болған. Алайда ол жауапкершіліктен қашуға тырысып, оқиға орнынан бой тасалаған. Көп ұзамай жүргізуші ұсталды.

– Осы факті бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Тергеу аясында қажетті алғашқы процессуалдық шаралар жүргізілді. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Контекст

Екібастұзда көпқабатты үйдің ауласында мектеп жасындағы баланы көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмғанын хабарлаған едік.