×
$
464.77
541.36
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
464.77
541.36
5.41

Қазақстанда президентке тікелей бағынатын жаңа мемлекеттік орган құрылды

Бүгін, 16:03
Қазақстанда президентке тікелей бағынатын жаңа мемлекеттік орган құрылды
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты құрылды. 

Бұған дейін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойған еді.

Жарлыққа сәйкес, жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Үкіметтің өкілеттігін доғаруына байланысты қазіргі Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.