×
$
464.77
541.36
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
464.77
541.36
5.41

Cиноптиктер Астана тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін, 09:17
Cиноптиктер Астана тұрғындарына ескерту жасады
Ulysmedia коллажы

«Қазгидромет» РМК мамандары қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Синоптиктердің мәліметінше, 31 тамызда Павлодар және Ақтөбе қалаларында, ал түнде Астана мен Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.

Анықтама

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.