Ерлан Ақкенженов Қазақстанның энергетика министрі қызметінде қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Ақкенженов туралы не белгілі?
Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов 1979 жылғы 12 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол «Әділет» жоғары құқық мектебін, «Астана» университетін және И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін тәмамдаған.
2022 жылғы шілдеде ол «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Мұнай өнімдерін өткізу маркетингі басқармасының бастығы болды. Ал 2023 жылғы маусымда Энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды.
2025 жылғы 19 наурыздан бері Ақкенженов Энергетика министрлігін басқарып келеді.
Енді ол осы қызметіндегі жұмысын жалғастырады.