×
$
456.56
530.52
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.56
530.52
5.28

Байбектің қымбат сағаттар топтамасы ұрланған

Бүгін, 18:40
Байбектің қымбат сағаттар топтамасы ұрланған

Астанада Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекке тиесілі деген қымбат сағаттар топтамасының ұрлануына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, түпнұсқа сағаттар үйден жай ғана ұрланбаған, олардың орнына көшірмелері қойылған көрінеді. Күдікке бұрынғы шенеуніктің айналасына түрлі шаруамен барып жүрген, құнды заттардың қайда сақталатынын білетін 31 жастағы ер адам іліккен.

Козачковтың мәліметінше, Байбек отбасымен бірге елден кеткен кезде күдікті қызметтік көліктен қосалқы кілттерді алып, үйге кірген. Ол түпнұсқа сағаттарды алып кетіп, орнына көшірмелерін қалдырған көрінеді.

Ұрланған сағаттардың арасында Breguet, Blancpain, Hublot, Jaeger-LeCoultre және A. Lange & Söhne брендтері бар. Топтаманың жалпы құны шамамен 90 миллион теңгеге бағаланады.

Полиция не деді?

Астана қаласының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады.

– Сағаттарды ұрлау дерегі бойынша 31 жастағы күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр, – деп хабарлады полиция.

Еске салайық, Бауыржан Байбек – Алматының бұрынғы әкімі, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев дәуіріндегі көпшілікке кеңінен танымал шенеуніктердің бірі. Бұған дейін оның саясаттан тыс жаңа қызметке тағайындалғаны туралы жазған едік.