×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Жұмысшылар ереуіліне байланысты Air Astana ұшағы Германияға ұшпайтын болды

15.02.2023, 19:53
Фото: Ашық дереккөз

Отандық Air Astana әуе компаниясының ұшағы 17 ақпанда Астана-Франкфурт-Астана бағытына ұшпайтын болды. Оған Германия еліндегі ереуіл себеп болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.

“Германия әуежайларындағы неміс кәсіподақтарының ереуіліне байланысты 17 ақпандағы KC 921/KC 922 Астана-Франкфурт-Астана рейсі орындалмайды. Одан кейінгі рейстер кестеге сәйкес жүзеге асыралады”, - делінген мәліметте.

Орындалмаған рейстердің жолаушыларына билет құны айыппұлсыз қайтарылады немесе 2023 жылдың 10 наурызына дейінгі рейстердің біріне қайта брондау ұсынылады. Әуе компаниясы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап отыр.

Билеттерді қайтару және қайта брондау бойынша компанияның көмек орталығына хабарласуға болады.

Еске салсақ, Германияда әуежай жұмысшылары ереуілге шығып, басшылықтан жалақыны көтеруді талап еткен болатын.

Серіктес жаңалықтары