×
$
453.93
€
508.72
₽
5.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.93
€
508.72
₽
5.35

«Украинаға жаңа президент келетін уақыт жетті» - Трамп

Бүгін, 09:01
«Украинаға жаңа президент келетін уақыт жетті» - Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға Ресеймен соғысты тоқтату жөнінде келісімге келе алатын жаңа басшы керек екенін мәлімдеді. Ол Владимир Зеленскийді келісім жасау мүмкіндіктерін пайдаланбады деп сынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Украинаға келісімге келе алатын жаңа басшы таңдауды ұсынамын. Қандай да бір себеппен Зеленский ешқашан келісім жасамайды», - деді Трамп.

Америка президенті Украинаның Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруін де сынға алды. Оның айтуынша, мұндай шабуылдар әлемдік дизель отыны нарығына әсер етіп, АҚШ фермерлері мен мал өсірушілерінің шығынын арттыруы мүмкін.

«Нысана жеткілікті - мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасамаңдар. Бірақ ол барып, соққы берді. […] Сондықтан мұны тоқтатқаны жөн», — деді АҚШ президенті.

Трамп өзі президент болғанда Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталмас еді деген пікірін тағы қайталады. Ол соғыстың басталуын «біліксіздікпен» байланыстырды.

Зеленский қашан президент болды?

Владимир Зеленский 2019 жылы Украинадағы президент сайлауында жеңіске жетіп, сол жылдың 20 мамырында ант беріп, қызметіне кірісті. 

Ресей мен Украина арасындағы соғыс 2014 жылы, Ресей Қырымды аннексиялап, Донбаста қарулы қақтығыс басталған кезеңнен жалғасып келеді. Ал 2022 жылғы 24 ақпанда Ресей Украинаға кең ауқымды басып кіруді бастады. 

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің алдында соғысты тоқтату туралы мәлімдеме жасаған болатын.  

Жуырда Ulysmedia түсірілім тобы Киев, Буча және Ирпень қалаларына барып, соғыс зардабын көрген тұрғындармен сөйлесті. Соғыстың қарапайым адамдардың өмірін қалай өзгерткенін көрсететін Ulysmedia-ның Украина туралы арнайы фильмін осы жерден көре аласыздар