×
$
450.62
€
504.2
₽
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.62
€
504.2
₽
5.36

Нұртас Адамбайдың ашаршылық туралы фильм Нью-Йорктегі кинофестивальдің финалына шықты

Бүгін, 12:40
Нұртас Адамбайдың ашаршылық туралы фильм Нью-Йорктегі кинофестивальдің финалына шықты
Forbes

Қазақстандық режиссер Нұртас Адамбайдың 1930-жылдардағы қазақ халқының қасіретін баяндайтын «Ашаршылық» (Hunger) фильмі Нью-Йоркте өтетін Future Reality AI Film Festival 2026 кинофестивалінің финалына шықты. Картинаның көрсетілімі 25 қазанда өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Фильм жасанды интеллект көмегімен түсірілген. Биыл фестивальге 60 елден 1 700-ден астам өтінім түскен.

– Бұл – жасанды интеллект көмегімен түсірілген фильмдер фестивалінің финалына алғаш рет шығуым. Бұған дейін дәстүрлі кино фестивальдеріне қатысып, жеңіске жеткенмін. Енді жасанды интеллект кинематографиясының әлемін зерттейтін уақыт келді, – деп жазды Адамбай.

Контекст

Еске салайық, «Келинка Сабина» фильмінің авторы бір жылдан астам уақыттан бері АҚШ-та тұрып жатыр.

Бұған дейін Нұртас Адамбай голливудтық «Базз Лайтер» мультфильмінің прокаттан алынуына ықпал етіп, «Барби» мен «Тор» фильмдерін сынаған. Режиссер бұл туындыларды дәстүрлі құндылықтарға қауіп төндіреді деп айыптаған.

Алайда кейін осы фильмдерді түсірген елге қоныс аударды.