×
478.58
520.84
5.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.58
520.84
5.44

Түркияда зілзала құрбандарын жерлейтін орын қалмай барады

17.02.2023, 12:14
фото: ашық дереккөзден

Түркияның жойқын зілзаладан зардап шеккен аудандарында қаза тапқандарды жерлеуге орын табылмай жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW сайтына сілтеме жасап.

Сайттың жазуынша, Газиантеп провинциясында, Сириямен шекарада, Нұрдағы зиратында көп ұзамай жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандарды жерлейтін орын қалмауы мүмкін.

Сондай-ақ, The Guardian өз материалында жүк көліктерінің әрқайсысында ондаған мәйіттер барын жазады – олар орын үнемдеу үшін бір-бірінің үстіне жатқызылған.

Мәйіттердің көптігі сонша, имамдар бір уақытта ондаған құрбандар үшін жаппай жерлеу рәсімін өткізуге мәжбүр. Ал көрші ауылдар мен Ыстамбұлдан қаза тапқандарды жерлеу үшін табыттар әкелініп жатыр.

Полиция мен еріктілер туыстарына қайтыс болғандарды анықтауға және жерлеуге көмектесуде. Сонымен қатар белгісіз құрбандардан ДНҚ үлгілерін жинайды, өйткені оларды кейінірек туыстары таба алмай қалуы мүмкін.

Айта кетейік, соңғы дерек бойынша Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты.

Зілзаладан бері 11 күн өтсе де, үйінділер астынан аман қалған адамдар әлі де табылып жатыр. Мәселен кеше, Түркияның Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен 248 сағат өткен соң 17 жастағы қыз құтқарылды.

Серіктес жаңалықтары