×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Алматыда адвокат әйелді өлтіру ісіне қатысты тергеу аяқталды

17.02.2023, 21:03
Фото: Ашық дереккөз

Алматыда адвокат әйелді өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісі Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, биыл 14 ақпанда Алмалы аудандық прокуратурасы қылмыстық істі қарау үшін сотқа жіберген.

«Өткен жылдың 8 қазанында танымал заңгер А.К. Асанова өлтірілген болатын. Бұл факті Алмалы аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Оның бұрынғы жұбайы Н. прокуратураның келісімімен күдікті деп танылды. Ол соттың санкциясымен қамауға алынды. Биыл 14 ақпанда Алмалы аудандық прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жіберді»,- делінген хабарламада.

Еске салайық, өткен жылы 8 қазан, сағат 23:00 шамасында 1980 жылы туған А. есімді заңгер әйел көптеген пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, 12 қазанға қараған түні медициналық мекемеде қайтыс болғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары