×
$
451.05
€
504.95
₽
5.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.05
€
504.95
₽
5.6

Шымкентте Республика күніне орай бірқатар азамат мемлекеттік наградамен марапатталды

Бүгін, 09:15
Шымкентте Республика күніне орай бірқатар азамат мемлекеттік наградамен марапатталды
Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкентте Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында ел дамуына үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік наградалар табысталды

Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ түрлі салада еңбек ететін қала тұрғындары қатысты.

Қала әкімі жиналғандарды ұлттық мерекемен құттықтап, кәсіби қызметінде жоғары нәтижеге жеткен және ел дамуына үлес қосқан азаматтарға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградалар табыстады.

Әкім Республика күнінің тарихи маңызына тоқталды

Ғабит Сыздықбеков өз сөзінде 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның Қазақстан тәуелсіздігі жолындағы тарихи маңызын атап өтті.

– Биыл бұл мереке Қазақстанның жаңа тарихи белесі – Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Егемендік пен елдіктің негіздерін сақтау және нығайту – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ ол елдегі саяси және қоғамдық өзгерістерге тоқталып, жаңа Конституция мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, әділдік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталғанын айтты.

Шымкенттің дамуы туралы не айтылды?

Қала әкімінің айтуынша, Шымкентте экономикалық әлеуетті арттыру, инвестиция тарту және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар білім беру, мәдениет және спорт салаларын дамытуға басымдық беріліп отыр. Ғабит Сыздықбеков қаланың дамуына тұрғындардың қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.

Салтанатты іс-шара «Бүгінгі Қазақстан» атты музыкалық-театрландырылған қойылыммен жалғасып, мерекелік концертпен аяқталды.

Айта кетейік, Республика күні Қазақстанда жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған.