×
$
453.87
€
508.33
₽
5.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
453.87
€
508.33
₽
5.65

Қыс жақындап келеді: Қазақстанның қай өңірлерінде күн суытып, қар жауады?

Бүгін, 16:19
Қыс жақындап келеді: Қазақстанның қай өңірлерінде күн суытып, қар жауады?
Ulysmedia.kz коллажы

2 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде күн суытып, тұман түседі, қатты жел соғып, жауын-шашын болады. Кей аймақтарда жаңбыр аралас қар жауып, жолдар көктайғаққа айналуы мүмкін. Ал елдің оңтүстігі мен батысында өрт қаупі әлі де жоғары, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қай өңірлерде аяз күшейеді?

Түнде ең қатты суық Жетісу облысында болады. Мұнда ауа температурасы 8 градус аязға дейін төмендейді. Талдықорғанда түнде 6–8 градус аяз күтіледі.

Алматы және Қызылорда облыстарында түнгі температура 6 градус аязға дейін түсуі мүмкін. Қызылорда қаласында 1–3 градус аяз болжанып отыр.

Күн суытқанына қарамастан, бұл өңірлерде өрт қаупі жоғары, ал кей жерлерде төтенше деңгейде сақталады.

Қай өңірлерде қар жауады?

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік, шығыс және таулы аудандарында күндіз жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында да осындай ауа райы күтіледі. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр аралас қар жауып, жолдар тайғақ болуы ықтимал.

Петропавлда да жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ пен тұман болжанып отыр.

Қай өңірлерде жел күшейеді?

Жетісу облысындағы Алакөл маңында күндіз желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында да жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ал Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында күндіз жел секундына 15–18 метрге дейін күшейеді.

Қай өңірлерде тұман түседі?

Түнде және таңертең Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарының кей аудандарында тұман күтіледі.

Орал қаласында да түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аймақтарында тұман салдарынан айналаны көру қиындауы мүмкін.

Қай өңірлерде өрт қаупі жоғары?

Қарашада күн суыта бастағанымен, еліміздің бірқатар өңірінде табиғи өрт шығу қаупі әлі де сақталып отыр.

Атырау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының орталығында және Жетісу облысының шығысында өрт қаупі төтенше деңгейде.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында да өрт қаупі жоғары.

Ескерту Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз, Ақтау және Қонаев қалаларына да қатысты.