×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Мәжіліс сайлауы: белсенді Тілеужан кандидат ретінде тіркеле алмады

19.02.2023, 13:14
Ашық дереккөз

Алматыдағы №3 аумақтық сайлау округі белсенді Әйгерім Тілеужанды Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде тіркеген жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

18 ақпанда кандидаттарды тіркеу мерзімінің бітуіне 15 минут қалғанда комиссия мүшелері белсендінің сайлау жарнасының төленгені көрсетілген банк құжатының растығына күмән келтірген.

«17 ақпанда Әйгерім Тілеужан алым төлегені туралы түбіртек берді. Үміткерді тіркеуге негіз болған құжат үйқамақта болған кезде жасалғандықтан, оның растығына күмән туғызады. Осының негізінде Алматыдағы №3 бір мандатты аумақтық сайлау округі Тілеужанды Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде тіркеуден бас тартады», - делінген комиссияның хаттамасында.

Бұл ретте бір күн бұрын сол №3 АСК Тілеужанның депутаттыққа кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігін растаған. Оның құжаттарын комиссияға сенімді өкіл Әлнұр Ильяшев тапсырды.

Еске салайық, Тілеужанға қатысты тергеу жүріп жатыр - билік оны қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайына жасалған шабуылға қатысты жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деп күдіктенеді. Белсенді қыз өзіне тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарады. Ол 2022 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.

Ильяшев АСК-ның мұндай хаттамаларды шығаруға «құқығы жоқ» деп санайды. Оның ойынша, бұл жағдайда «Тілеужанның сайлауға қатысуына мүдделі емес» бас немесе қалалық прокуратура тарапынан қысым болған.

Белсенді серіктері сайлау комиссиясының шешіміне шағымданбақ.

Күні кеше кешке Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауының үгіт-насихат жұмыстары басталды. Сайлау 19 наурызда өтеді.

Бұған дейін Ильяшев Алматыдағы Ганди саябағында келісілген бейбіт шеру өтетінін хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары