×
$
444.76
€
495.37
₽
5.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.76
€
495.37
₽
5.37

Доллар толы шабадандар мен қос басшының ұсталған сәті: эксклюзив видео

Бүгін, 14:20
Доллар толы шабадандар мен қос басшының ұсталған сәті: эксклюзив видео
Ulysmedia

Ulysmedia.kz редакциясына «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» басшысы Елжас Орыншиевтің ұсталған сәті түсірілген фотолар мен видео түсті. Редакция мәліметінше, кадрларда олардың ұсталған сәті бейнеленген. Екеуі де сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.

Жақыпов үй киімімен, Орыншиевті конвой алып шыққан

Суретте Нұрлан Жақыпов көк футболкамен пәтерінің есігінде тұр. Оның алдында қара киім киген бірнеше ер адам жиналған. Олардың бірі түсірілім құрылғысын ұстап тұр. Кадрдың мән-жайына қарағанда, сурет Жақыповтың үйінде түсірілген.

Редакцияға түскен өзге кадрларда Елжас Орыншиев бейнеленген. Видеодан бірнеше ер адамның оны ғимараттан шығарып, баспалдақпен төмен түсіріп бара жатқанын көруге болады.

Басшыларға қандай айып тағылды?

12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір күн бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері Нұрлан Жақыповты, Елжас Орыншиевті және басқа да адамдарды ұстағанын ресми түрде хабарлады.

– Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу барысы туралы өзге ақпарат жария етілмейді, – деп хабарлады ҰҚК.

Ulysmedia.kz дереккөздерінің мәліметінше, екі басшы да уақытша ұстау изоляторына қамалған. Редакцияға түскен мәліметтерде Қазақстан Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 366-бабы 4-бөлігі көрсетілген. Бұл аса ірі мөлшерде пара алуға оқталу дерегіне қатысты.

Ақша салынған шабадандар

12 қараша күні таңертең журналистердің назары Астанадағы Қонаев көшесінде орналасқан Atlant-6 тұрғын үй кешеніне ауды. Ғимарат маңынан доллар купюраларының бумалары мен шабадан табылған.

Дереккөздердің хабарлауынша, үйдің маңында ақша салынған сегіз шабадан болуы мүмкін.

Ulysmedia.kz тілшісі оқиға орнына барып қайтты. Тұрғындардың айтуынша, таңертең үйдің маңында күштік құрылым өкілдері жұмыс істеген.

Ал «Самұрық-Қазына» кеңсесінде сырттай қарағанда әдеттегі жұмыс тәртібі бұзылмаған. Тілшіміз тілдескен күзетшілер қор басшысының ұсталғанынан хабарсыз екенін айтқан.

Сізге қызық болуы мүмкін