×
$
443.62
€
492.24
₽
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
443.62
€
492.24
₽
5.36

Қазақстандық әуе компаниялары билет құнын қалай белгілейтінін түсіндіруге тиіс

Бүгін, 13:33
Қазақстандық әуе компаниялары билет құнын қалай белгілейтінін түсіндіруге тиіс
pixabay

Сауда және интеграция министрлігі жолаушылар үшін әуе сапары неге жыл сайын қымбаттап бара жатқанын және әуе компаниялары билет құнын қалай есептейтінін анықтамақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Бұл мәселені Қоғамдық кеңес мүшесі Марлен Смайылов көтерген. Талқылаудан кейін Сауда министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне, Көлік министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне ел ішіндегі әуе рейстеріне арналған билеттердің бағасын зерделеу ұсынылды. Сондай-ақ әуе компанияларының тарифтерді қалай белгілейтініне талдау жасау тапсырылды.

– Бұған қоса, әуе билеттері бағасының күнтізбесін енгізу және баға өзгерген кезде хабарлама жіберу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды, – деп хабарлады Сауда министрлігі.

Мұндай күнтізбе жолаушыларға әр күнгі билет бағасын салыстыруға, ал хабарламалар бағаның өзгеруін бақылауға мүмкіндік береді.

Әуе билеттері инфляциядан жылдам қымбаттап жатыр

Қазақстан ішіндегі әуе рейстерінің құны бір жылда 22,8 пайыз өскен. Ал халықаралық бағыттардағы билеттер 35,8 пайыз қымбаттаған.

Алғашқы төрт айда әуе компаниялары 272,4 млрд теңге табыс тапқан. Бұл былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда 11,6 пайыз көп.

Сізге қызық болуы мүмкін