×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жәрдемақы мен зейнетақы ала алмаған: ШҚО-да 150-ден астам адам КСРО төлқұжатымен жүрген

28.09.2021, 18:40
ашық дереккөз

Көші-қон қызметінің қызметкерлері «Учаске» жеделпрофилактикалық іс-шара аясында жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, сондай-ақ 1974 жылғы КСРО төлқұжаттарын уақытында ауыстырмаған адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

yk.kz-ның хабарлауынша, Жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауына байланысты бұл адамдар денсаулық сақтау, білімалу қызметін және қажетті жәрдемақы мен зейнетақы ала алмаған, сондай-ақ ресми түрде жұмысқа орналаса алмаған.

Шығыс қазақстан облысында жыл басынан бері 1974 жылдың үлгісіндегі КСРО төлқұжаты бар 150-ден астам адам Қазақстан Республикасының азаматы болып танылды.

«Мысалы, 49 жастағы азамат Алтай аудандық полиция бөліміне жүгінген. Оған 1988 жылы Украинада  КСРО 1974 жылғы төлқұжат берілген. Ол 1990 жылдары Қазақстанға келіп, Өскемен қаласында әскери борышын өтеген.  Одан кейін Жаңа Бұқтырма ауылында жұмыс істеп, сол жерде өмір сүрген. Ол  25 жылдан астам уақыт бойы жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өмір сүріп келді, себебі ұзақ уақыт бойы Украинадан жауап келмеген», - дейді ШҚО Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының елшілігі арқылы Украинадан қажетті құжаттарды сұратуға көмек көрсетті. 17 қыркүйекте ер адамға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі берілді.

Енді ол барлық мемлекеттік қызметтерді басқа қазақстандықтармен тең дәрежеде пайдалана алады.

«Қандай да бір себеппен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігін алу үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне хабарласуды ұсынамыз», - делінген ШҚО ПД баспасөз хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары