×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

"Шұғыл әрі көбірек қажет": Еуроодақ Киевті оқ-дәрімен қамту мәселесіне бас қатырып жатыр

21.02.2023, 08:39
"Шұғыл әрі көбірек қажет": Еуроодақ Киевті оқ-дәрімен қамту мәселесіне бас қатырып жатыр
фото: ашық дереккөзден

Украина Еуроодақтан зымыран, снаряд пен оқ-дәрін көбірек әрі шұғыл түрде жіберуді сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Брюссель Украина сұраған оқ-дәрілерді жеткізіп беру үшін одаққа мүше елдердің күш-жігерін біріктіру мәселесін талқылауға кірісті.

ЕО Сыртқы істер министрлері Бірлескен қару-жарақ сатып алу идеясын зерттеді, бірақ сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы өкіл Жозеп Боррельдің сөзінше, бұл көп уақытты қажет етеді.

«Украинаның шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында еуропалық деңгейде мүмкін болатын сатып алулар үшін біз өзара бірлесуіміз керек. Сонымен қатар алдағы апталарда Украинаны оқ-дәрімен қамтамасыз етудің ең жақсы тәсілі – еуропалық әскердің бұрыннан бар арсеналдарымен бөлісу екені анық. Бізге олардың жасалуын күтудің қажеті жоқ. Біз қоймаларда бар нәрсені немесе келісімшарт бойынша алдағы күндері не өндірілетінін пайдалануымыз керек», - деді ол.

Ал Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен демалыс күндері Мюнхенде қару-жарақты бірлесіп сатып алу ЕО елдері үшін коронавирусқа қарсы вакциналарды сатып алумен бірдей болуы мүмкін деп мәлімдеді. Эстонияның сыртқы істер министрі Урмас Рейнсалу Украинаға НАТО стандартының артиллериясы үшін 155 миллиметрлі снарядтар қажет екенін айтты.

«Құны 4 миллиард еуроны құрауы мүмкін. Егер бүгінгі сандарға қарасақ, онда Ресей күн сайын осындай көлемдегі снарядтарды пайдаланады, ал Еуропалық Одақ бір айда шығарады. Әскери-өнеркәсіптік кешеннің қазіргі мүмкіндіктерімен біз Украинаның қажеттіліктерін шамамен алты жыл ішінде қанағаттандыра аламыз және бұл мүлдем қолайсыз»,- деді Урмас Рейнсалу.

Айта кетейік, бұдан бұрын Киевке АҚШ президенті Джо Байден келгенін хабарлағанбыз.