×
$
458.57
€
501.54
₽
5.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.57
€
501.54
₽
5.57

Арон Атабектің қызы марқұм әкесін ақтауды талап етті

Бүгін, 10:01
Арон Атабектің қызы марқұм әкесін ақтауды талап етті
Ulysmedia коллажы

Ақын әрі диссидент Арон Атабектің қайтыс болғанына бес жыл толуына орай қызы Алма Нұтышева Қазақстан президентіне үндеу жолдады. Ол әкесін қайтыс болғаннан кейін ақтап, ел тарихындағы еңбегін мемлекеттік деңгейде мойындауды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Алма Нұтышева өз үндеуінде әкесінің 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын мойындатуға күш салған азаматтардың бірі болғанын және Шаңырақ тұрғындарына үйлерін заңдастыруға көмектескенін айтты.

Оның сөзінше, Арон Атабек осы қызметі үшін ұзақ жылдар түрмеде отырып, соққыға жығылып, аштық пен қорлыққа тап болған.

Әкесі қайтыс болғаннан кейін бес жыл өтсе де, Нұтышева оны ақтау жолындағы күресті жалғастырып келеді.

– Бұрынғы биліктің қателіктерін мойындаңыздар. Халқының қаһарманы, азап шеккен аруақтың рухына тыныштық беріңіздер. Әкемді, тым болмаса, қайтыс болғаннан кейін ақтаңыздар, – деп үндеу жасады ол президентке.

15 жыл түрмеде отырды

Еске салайық, Арон Атабекке 2006 жылы Алматыдағы Шаңырақ шағынауданында болған оқиғаға байланысты 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сол кезде үйлерді бұзу әрекеті тұрғындар мен полиция арасындағы қақтығысқа ұласып, салдарынан бір полицей қаза тапқан. Атабек өз кінәсін мойындамаған.

15 жыл түрмеде отырған ақын 2021 жылғы 1 қазанда денсаулығына байланысты босатылды. Бірнеше аптадан кейін коронавирус пневмониясына шалдығып, жансақтау бөліміне түсті.

Арон Атабек 2021 жылғы 24 қарашада 68 жасында қайтыс болды. Алматыда жерленді.

Сізге қызық болуы мүмкін