×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

«Бір сұрақты қоя бермеңдерші!» Павлодар әкімі үйлерге жылу қашан берілетінін айтты

28.09.2021, 19:47
ашық дереккөз

Павлодар әкімі Асайын Байханов инстаграм парақшасына қыркүйек айының соңына дейін «Павлодар жылу желілері» ЖШС үйлердің 99,5%-ын жылумен қамтамасыз етуі тиіс екенін жазды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қалған 0,5%-ы – 6-7 проблемалы үй. Ол үйлерге жылу 10 қазанға дейін беріледі.

Бүгінде 1 249-үйдің 800-ден астамында жылу бар. Осы аптаның соңына дейін жылу барлық үйге толық берілуі керек. Қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қалалық бөлімі мен тұрғын үй инспекциясы бақылап отыр. Дегенмен, жылу берілмеген үйлердің тұрғындары Павлодар қаласының әкімін жылу қашан берілетіні туралы сұрақтың астына алып жатыр.

«Соңғы күндері бір үйдің ғана тұрғындарынан күніне 30-дан астам хабарлама аламын, одан бөлек әртүрлі пабликтердің пікір жазатын жеріне мені 40-50 рет тэгтейді. Мен бір тұрғын үйге ғана мысал келтіріп отырмын, ал қалада жылу берілмеген үйлер саны 400-ден асады. Жауап беру былай тұрсын, хабарламаларды оқудың өзіне көп уақыт кетеді.

Әртүрлі пабликтерде қаладағы 360 мың адамның қайта-қайта қойылған бір сұрағына  жеке-жеке жауап беретін болсам, қала мен қала тұрғындарына қажетті стратегиялық маңызы бар жұмыстарға уақытым қалмайды», - деп жазды қала кімі инстаграм парақшасына.
 

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта билік тәулік бойы жылу беру мәселесімен айналысып жатқаны туралы жазды.
 

Серіктес жаңалықтары