×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Пәкістанда өзін пайғамбармын деп жариялаған әйел өлім жазасына кесілді

28.09.2021, 22:25
ашық дереккөз

Пәкістанда өзін жаңа пайғамбармын деп жариялаған Сальма Танвир есімді әйел өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

The Independent басылымының мәліметінше, үкім дүйсенбі күні Лахор қаласында шыққан. Сондай-ақ, айыпталушыға 50 000 рупий айыппұл салынды.

Сальма Танвир бұрын мұғалім болған. Ол Мұхаммед – соңғы пайғамбар екенін жоққа шығаратын өз ілімін таратумен айналысқан.  Заң бойынша, ол өлім жазасынан психикалық ауытқуы бар екені дәлелденген жағдайда ғана құтыла алады. Сотта адвокат оның өз әрекетіне жауап бере алмайтынын дәлелдеуге тырысқан, бірақ медициналық көрсеткіштер бойынша оның психикалық ауытқуы жоқ екені анықталған.

22 беттік үкімде ол өз әрекеттері арқылы Мұхаммед пайғамбарды келе еткені туралы жазылған.  

Жергілікті полиция 2013 жылы жергілікті дін қызметкерінің айғақтарының негізінде Танвирге қатысты Құдайға күпірлік келтіргені үшін іс қозғаған.

Басылымның хабарлауынша, 1987 жылдан бері елде кемінде 1472 адам Құдайға тіл тигізгені үшін сотталған.

Серіктес жаңалықтары