×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Республика бойынша су құбырларының 43%-ы тозған

01.03.2023, 11:09
фото: ашық дереккөзден

Елдегі су құбырларының 43%, кәріз желілерінің 55%-ы тозған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұндай дерек Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігі ашық талқыға шығарған «2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасында» келтірілген.

«Жергілікті атқарушы органдардың 2023 жылдың басындағы жедел деректері бойынша республикада 98 мың км су құбыры желілері және және 17 мың км кәріз желілері бар. 2022 жылдың қорытындысына сәйкес, су құбыры желілерінің орташа тозуы – 43%, кәріз желілерінің тозуы – 55%. Тұтастай алғанда, 25 жылдағы сенімді пайдаланудың нормативтік мерзіміне сүйене отырып, шамамен 51 км желі күрделі жөндеуді немесе оларды толық ауыстыруды талап етеді», - делінген тұжырымдамада.

Айта кетейік, бұдан бұрын елдегі гидротехникалық нысандардың жағдайы туралы жазғанбыз. Төтенше жағдайлар министрінің мәліметінше, республткадағы су шаруашылығы объектілерінің нақты тозуы 60%-дан асқан.

Серіктес жаңалықтары