×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Келесі Олимпиадада жоғары нәтижеге қол жеткіземіз - Бақтияр Артаев

29.09.2021, 14:47
Фото: Ашық дереккөзден

Елордада Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас Ассамблеясының отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі ретінде федерация басшыларынан Токио Олимпиадасының қорытындысын түсіндіру талап етілді. Бірінші болып сөз сөйлеген бокс бойынша Қазақстанның мемлекеттік бапкері Бақтияр Артаев Ұлттық Олимпиада комитеті басшыларынан кешірім сұрады.

«Әрине, Токиода өте сәтсіз көрсеткішіміз үшін кешірім сұраймыз. Алдағы уақытта тиісті жұмыс жасалып, жүйелі жұмыс жүргізіп, келесі олимпиадада жоғары нәтижеге қол жеткіземіз деп сендіргім келеді», - деді Бақтияр Артаев.

Айта кетсек отырысқа Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев, Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов пен Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысып отыр.

Серіктес жаңалықтары