×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Өз отанында қауіп төніп тұрған шетелдіктерді Қазақстаннан қууға тыйым салынбақ

01.03.2023, 15:51
Өз отанында қауіп төніп тұрған шетелдіктерді Қазақстаннан қууға тыйым салынбақ
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл босқындарға қауіп төніп тұрса да, оларды отанына қайтаруға мүмкіндік беретін заңнамадағы мәселелерді анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қазақстан әр жылдары босқындардың мәртебесі туралы және азаптауға қарсы конвенцияларға қосылды. Бұл халықаралық шарттар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды нәсіліне, дініне, саяси сенімдеріне және т.б. байланысты азаптау немесе қауіп төнген елдерге жіберуге, қайтаруға немесе беруге тыйым салады. Халықаралық құқықта бұл тыйым салу "қайтармау" ("non-refoulement") принципі деп аталады", - дейді омбудсменнің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі атап өткендей, Қазақстан заңнамасында бұл қағида жоғарыда аталған қауіп-қатерлерге ұшырауы мүмкін адамдарды экстрадициялауға тыйым салатын ҚІЖК-де ғана енгізілген.

"Алайда, шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, сондай-ақ азаматтық соттардың шешімдері бойынша жаза ретінде мемлекеттен тыс жерлерге шығарылуы мүмкін. Сондықтан Омбудсмен ұлттық заңнаманы қабылданған халықаралық міндеттемелермен үйлестіру мақсатында Әділет министрлігіне ҚК, ӘҚБтК, АІЖК және "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" заңға түзетулер енгізу туралы ұсынымдар жолдады", - делінген ақпаратта.

Бұл бастаманы әділет министрлігі мен бас прокуратура қолдап үлгеріпті. Қарастырылып отырған қағида Қазақстаннан тыс жерлерге шығару фактісін қозғамайтынын атап өту маңызды. Бұл адамды әділетсіз қуғын-сүргінге ұшырауы мүмкін мемлекетке ғана шығаруға тыйым салу туралы, яғни "үшінші" қауіпсіз елге мәжбүрлеп жіберуге жол беріледі.