×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

ҚР СІМ: Қазақстан Стратегиялық шабуылдаушы қаруларды қысқарту жөніндегі жаңа шарттың талқысын ұсынады

01.03.2023, 20:26
Ашық дереккөз

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Жоғары деңгейдегі сегментінде сөз сөйледі. Ол 2026 жылдан кейін Стратегиялық шабуылдаушы қаруларды қысқарту жөніндегі жаңа келісім туралы мәселені талқылау қажеттігін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Іс-шараны БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғары өкіл Изуми Накамицу ашты. Сондай-ақ конференцияға мүше мемлекеттердің 50-ден астам өкілі сөз сөйледі”, делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Мұхтар Тілеуберді соңғы жыл әлем үшін қауіптірек бола бастағанын атап өтті. Украинадағы қақтығыс, орасан зор ядролық арсеналдар, ядролық қарумен доқ көрсету және диалогтың болмауы әлемді қауіпті бағытқа жетелейді.

Қазақстан ядролық қарусызданудың сенімді жақтаушысы ретінде 2026 жылдан кейін Стратегиялық шабуылдаушы қаруларды қысқарту туралы жаңа келісім жайлы мәселені талқылау қажет деп санайды.

Сондай-ақ, бес ядролық державаның 2022 жылдың қаңтарында қабылданған ядролық соғысқа жол бермеу туралы бірлескен мәлімдемеге берік екенін көрсетуі маңызды екенін баса айта кеткен жөн.

Министр Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартты (ЯҚТШ) дәйекті түрде қолдайтынын және оған қатысушы мемлекеттердің үшінші конференциясына төрағалық ететінін атап өтті.

 

Ол конференцияға қатысушыларды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасына назар аудартты. Бұл агенттік Биологиялық және улы қаруға тыйым салу туралы конвенцияның атқарушы органы ретінде әрекет ете алады және дамушы елдердің қажеттіліктеріне ерекше назар аударады.

Қарусыздану жөніндегі конференция қарусыздану және қару-жарақты бақылау мәселелері бойынша келіссөздер жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін жалғыз көпжақты форум болып табылады. Қарусыздану жөніндегі конференция шеңберінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарт, Биологиялық қаруға тыйым салу туралы конвенция, Химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенция және Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт сияқты маңызды құжаттар әзірленді.

Қарусыздану жөніндегі конференцияның құрамына 65 мемлекет кіреді.

Серіктес жаңалықтары