×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Кеннедидің жиені президенттікке үміткер болады

04.03.2023, 15:22
Ашық дереккөз

Кіші Роберт Фрэнсис Кеннеди 2024 жылы президенттік сайлауға түсуді жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

АҚШ-тың бұрынғы президентінің туысы Демократиялық партияның праймеризіне қатысуға ниетті екенін және егер ол екінші мерзімге сайланса, Джо Байденмен бәсекелесуге дайын екенін айтты.

«Мен бұл туралы әлі де ойланамын, десе де мен ең үлкен кедергіні жеңдім: әйелім осы ойыма рұқсатын берді», - деп келтіреді оның сөзін FOX News.

Кіші Роберт Фрэнсис Кеннеди - американдық заңгер және қоршаған ортаны қорғау белсендісі. Ол сенатор Роберт Фрэнсис Кеннедидің ұлы және Америка Құрама Штаттарының 35-ші президенті Джон Фицджеральд Кеннедидің жиені.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байденнің кеудесіндегі қатерлі ісіктерді алып тастау үшін күрделі ота жасалғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары