×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысшысы мерт болды

05.03.2023, 10:39
Ашық дереккөз

Облыстық ауруханада Атырау мұнай өңдеу зауыты нысандарының бірінде алған жарақатынан қосалқы мердігер ұйымның жұмысшысы қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі бұдан бұрын апаттың механикалық тазарту құрылыстарының (МО) өндіріс алаңында жүк көтергіш техниканың маневрі кезінде орын алғанын хабарлады.

Зардап шегуші бірден облыстық травматологияға жеткізілгенімен, кейін алған жарақатынан көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

«ANPZ» ЖШС басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - деп жазды компания.

Серіктес жаңалықтары