×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ботокссыз, силиконсыз және татуировкасыз: Түркіменстанда сұлулық салондары қайта ашылды

05.03.2023, 14:24
Ботокссыз, силиконсыз және татуировкасыз: Түркіменстанда сұлулық салондары қайта ашылды
Ашық дереккөз

Түркіменстандағы сұлулық салондары бірте-бірте жұмысын қалпына келтірді, бірақ олардың қызметтерінің ауқымы әлі де өте шектеулі. Бұл туралы azathabar.com сайтына сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Түркіменстанда ботоксқа, силиконға, эпиляцияға және татуировкаға тыйым күні бүгінге дейін сақталған. Дегенмен, бұл қызметтерге сұраныстың жоғары болуы кейбір мамандарды тығылып жұмыс істеуге итермелеуде.

Басылымның мәліметінше, Ашхабад, Балқан, Лебап және Мария велаяттарындағы сұлулық салондары өз тұтынушыларына жасанды кірпік пен тырнақ ұзарту, сондай-ақ татуировка жасауды ұсынады, бірақ бұл процедуралардың барлығына мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлеріне тыйым салынған.

Еске салайық, бір жыл бұрын Түркіменстанда кезектен тыс президент сайлауы өткен болатын. Дауыс беру нәтижесінде мемлекет басшысы лауазымына экс-президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың ұлы, 40 жастағы Сердар Бердімұхамедов келді. Кейінірек жергілікті БАҚ түрікмен әйелдеріне көліктің алдыңғы орындығында отыруға, косметикалық қызмет көрсетуге және пластикалық ота жасатуға тыйым салынғанын хабарлады.