×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Трансұлттық қылмыстық топ 4 млрд теңгенің алтын бұйымдарын заңсыз экспорттаған

06.03.2023, 14:49
catalogmineralov.ru

Трансұлттық қылмыстық топты құрды және 4 млрд теңгеден астам сомаға алтын бұйымдарының заңсыз экспортын жасауды ұйымдастырды деген күдікпен шетелдік азаматқа  қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, аталған тұлға ұзақ уақыт бойы тергеуден бой тасалап жүрген. «Red Notice» халықаралық іздестіру жөніндегі бірлескен іс-шаралардың нәтижелері бойынша күдікті Қырғыз Республикасының аумағында ұсталды.

Оны экстрадициялауға ұлттық қауіпсіздік, полиция және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмылдырылған.

Айта кету керек, аталған істің көптеген қатысушылары әртүрлі жаза түрлеріне кесілген.

Қылмыстық топтың тағы 2 мүшесі іздестіріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары