×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

ІІМ көлік жүргізушілерін жолда абай болуға шақырды

29.09.2021, 22:02
ашық дереккөз

Алдағы күндері бірқатар облыста ауа райы жағдайы бұзылып, көктайғақ болады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» РМК бірқатар облыста ауа райы бұзылып, қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ және тұман болатынын хабарлады.

Сондай-ақ, ҚР Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілеріне алыс жолға шықпауға кеңес берді.

«Автокөлік иелері ауа райының өзгеруі және жолдардың жабылуы туралы ақпараттарды бақылап отыруы керек. Ауа райы бұзылған жағдайда елдімекеннен тыс жерге жолға шығудан шектелу керек екенін айтқымыз келеді. Көлік жүргізген кезде жылдамдықты арттырмай, көліктер арасындағы қашықтықты сақтау маңызды», - делінген ҚР ІІМ баспасөз хабарламасында.  

Серіктес жаңалықтары