×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Біз оны өлтіргендерді табамыз – Зеленский ресейліктер атып тастаған Украина сарбазы жайлы

07.03.2023, 10:01
видеодан скриншот

Украина президенті Владимир Зеленский ерлікпен қаза тапқан украиналық сарбаздың өліміне реакция білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бүгін басқыншылардың «Слава Украине» деп батылдықпен жаудың бетіне айтқан жауынгерді айуандықпен өлтірген видео пайда болды. Біз оған «Героям слава» деп жауап береміз! Біз оны өлтіргендерді табамыз» деді Зеленский.

Бір күн бұрын Украинаның Бас прокуратурасы әлеуметтік желіде тараған, қарусыз ер адамның «Слава Украине» деген сөзінен кейін оқ атқан видеоға қатысты тергеуді бастаған.
"Ресейдің қылмыстық режимі жүйелі түрде елемейтін халықаралық құқық нормалары бар. Бірақ ерте ме, кеш пе, қылмыс жазаланады. Бұған қатысы барлардың барлығы заң алдында жауап береді", - деді Украинаның бас прокуроры Андрей Костин.

Ал Twitter желісінде “Glory to Ukraine”(Украинаға даңқ) деген жауынгердің ақтық сөзі жүз мыңдаған дауыспен бірінші орынға шықты.

Серіктес жаңалықтары