×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«Митинг жайлы сөз жоқ»: Ахметжанов қорғаған заң несімен күмән туғызады

09.03.2023, 13:18
«Митинг жайлы сөз жоқ»: Ахметжанов қорғаған заң несімен күмән туғызады
Фото: Ашық дереккөзден

Сенат кулуарында бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов журналистермен едәуір сөзге келді. Себеп – Сенатқа келген қылмыстық кодекстерге енгізілетін өзгеріс, атап айтқанда «жаппай тәртіпсіздікке шақырушыларға жазаны күшейту». Журналистер бұл заңды желеу етіп, құқық қорғау органдары бейбіт жиынға шыққандарды да жазалауы мүмкін емес пе деген күдікті министрге айтқан. Алайда Ахметжанов заңда «митинг жайлы сөз жоқ» деп сендіргісі келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бұл жерде митинг туралы бір ауыз сөз жоқ. Тек қылмыстық кодекстке бұл жауаптылық бар бүгін де. Тек соны таратқан үшін ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - деді ол.

«Егер митинг жаппай тәртіпсіздікке ұласса не болады» деген сұраққа министр «егер көшеге шығып, ұрайық, қиратайық» деп жатса, сол ғана жауапты болады» деп жауап берді.

«Дұрыс ақпарат таратыңыздар. Жалған ақпарат болмасын бұл жерде. Заң жобасын мұқият оқысаңыздаршы: сол жерде интернет ресурстар арқылы таратылған деген сөз бар. Сол жерде жауапкершілік көзделіп тұр. Әрбір тіркелген қылмыста күдікті ретінде тану үшін оның ойын, ниетін білу керек. Егер ниет немесе жаман пейіл болмаса, ол жерде қылмыс құрамы болмайды. Әрбір осындай тіркелген шағым, арыз, жайттар бойынша тергеу жүреді. Мен айтып отырмын, егер жаппай тәртіпсіздік деген егер адамдар «ұрайық», «соғайық», «жағайық» деген ұрандармен шыққан кезде ғана қылмыстық құрам болады. Егер осындай ұрандармен шықса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - дейді ол.

Еске сала кетейік, бүгін Марат Ахметжанов Сенатқа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстырды. Заң бойынша, “жаппай тәртіпсіздікке шақыру: оның ішінде телекоммуникация желісін пайдалану арқылы шақыру” қылмысы үшін санкциялар қатаңдайды. “Мұндай қылмыскерлер үшін мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі алынып тасталады” дейді министр.