×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Тұман, көктайғақ, жел - ертең 12 өңірде ауа райы бұзылады

09.03.2023, 20:28
Ашық дереккөз

Алматыда тұман, ал Ақмола, Ақтөбе облыстарындағы жолдарда көктайғақ болады. Ал Жетісу облысы Алакөл көлдері аумағында желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. "Қазгидромет" синоптиктері республиканың 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақмола облысында тұман, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Ақтөбе облысындағы жолдарда көктайғақ болады. 

Алматы облысында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 17-22 м/с болады.

Алматыда да тұман.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 

Маңғыстау облысының батысында тұман. 

Қостанай облысында жаяу бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, шығысында - 15-20 м/с. 

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. 

Қарағанды облысында тұман. 

Ұлытау облысында да тұман түседі. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/79650/

Серіктес жаңалықтары