×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Си Цзиньпин үшінші рет Қытай төрағасы болып сайланды

10.03.2023, 09:08
news.myseldon.com

Қытай тарихында тұңғыш рет халық құрылтайының депутаттары Қытай Халық Республикасының төрағасын үшінші мерзімге қайта сайлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қайта сайлау 9 наурыз, жұма күні депутаттардың жасырын дауыс беруімен өтті. Осылайша, Си Цзиньпин Қытай тарихындағы үшінші мерзімге сайланған тұңғыш төраға атанды.

Сондай-ақ Си Цзиньпин ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасы қызметіне де қайта сайланды.

Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Чжао Лэцзи Жалпықытайлық халық өкілдері жиыны Тұрақты комитеті – елдің жоғарғы заңнамалық органының төрағасы қызметіне сайланды.

Айта кетейік, 2023 жылдың 5-13 наурызы аралығында Бейжіңде жыл сайынғы Жалпықытайлық халық өкілдері жиынының сессиясы өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары