×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қытайлықтар 15 наурыздан Қазақстанға сапарлай бастайды

11.03.2023, 15:47
Ашық дереккөз

Қытай 15 наурыздан бастап ұйымдасқан топтардың Қазақстан мен кейбір елдерге туристік сапарларын қайта бастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2023 жылдың 15 наурызынан бастап бүкіл ел бойынша туристік агенттіктер мен онлайн-компаниялар эксперименттік негізде Қытай азаматтарына белгілі бір елдерге шығуға топтық турлар мен «авиабилет + қонақүй» қызметін ұйымдастыруды қалпына келтіреді», - делінген ҚХР Мәдениет және туризм министрлігінің мәлімдемесінде.

Бұл тізімге Қазақстаннан басқа Непал, Бруней, Вьетнам, Моңғолия, Иран, Иордания, Танзания, Намибия, Өзбекстан, Грузия, Әзербайжан, Армения, Сербия, Хорватия, Франция, Греция, Испания, Исландия, Италия, Дания, Португалия, Словения, Бразилия, Чили, Уругвай және басқа да бірқатар елдер кіреді.

2023 жылдың 8 қаңтарында Қытай билігі жұқпалы аурулар рейтингіндегі COVID-19 классификациясын «А» санатынан «В» санатына түсіріп, Қытайдан басқа мемлекеттерге саяхатты біртіндеп қалпына келтіре бастады. Туристік мақсатта шетелге шығуға төлқұжат алу үшін Қытай азаматтарының өтініштерін қабылдау және қарау рәсімдері қалпына келтірілді.

Қытай статистикасына сәйкес, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында қытайлық туристер шетелде 1 127,5 млрд доллар жұмсаған. Америка континенті 24%-бен екінші орында, одан кейін Еуропа - 13%.

Бұған дейін Қытай басшылығы ковидті жеңгенін жариялаған болатын. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының тұрақты комитетінің өкілдері Қытай өткен қарашадан бастап COVID-19 алдын алу және бақылау саласында үлкен жеңіске жеткенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары