×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Қазақстан Роскосмостың еншілес кәсіпорнынан 13,7 млрд теңге өндіріп алады

14.03.2023, 14:24
Фото: Ашық дереккөзден

Ресейлік кәсіпорын бұл қаражатты «Бәйтерек» бірлескен кәсіпорнынан келісім-шарт бойынша алғанымен, уәде етілген жұмыс көлемін орындамаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының шешімімен «Ресей жерүсті ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығы» АҚ («ЦЕНКИ» АҚ) Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорнының пайдасына 13 миллиард 684,5 миллион теңгеден астам соманы төлеуі тиіс. Бұл туралы үкімет кулуарында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Министрлік басшысы атқарушылық іс жүргізу аясында «ЦЕНКИ» АҚ-тан («Байқоңыр» ғарыш айлағының мүлкін пайдаланатын «Роскосмостың еншілес ұйымы») ірі соманың өндірілетінін жәее компанияның Қазақстан аумағында орналасқан мүлкі арестке алынғанын растады. Ол сот шешімінен кейін апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу жалғасатынын мәлім етті.

«Сот процестері болды. Бұл екі кәсіпорын. Бір жағынан Бәйтерек БП, ал екінші жағында ЦЭНКИ тұр. Олардың сот процестері АХҚО арбитраж сотында болған. Шешім шықты. Ақырында, сот орындаушы ҚР заңына сәйкес, шара қабылдауы керек. Бұл Байқоңыр кешенінің бүкіл мүлкіне қатысты емес, ЦЭНКИ-ге ғана қатысты. Оның мүлкі Қазақстан аумағында», - дейді Бағдат Мусин.

Министр өз сөзінде «ЦЕНКИ» АҚ басшылығы қазір Қазақстанда және «Бәйтерек» БК-мен келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті. Ол «бір миллиард немесе екі миллиард рубль аймақтағы» сома туралы айтып әңгіме болып отырғанын айтады.

Серіктес жаңалықтары