×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Судьяларды жасырын тыңдайды, аңдиды»: Соттар неге құқық қорғау органдарынан қорқады

15.03.2023, 09:30
«Судьяларды жасырын тыңдайды, аңдиды»: Соттар неге құқық қорғау органдарынан қорқады
Фото: Ашық дереккөзден

Сенатор Андрей Лукин судьялар құқық қорғау органдарынан қорқатынын айтады. Оның сөзінше, бұл тәртіпті өзгерту үшін Конституция деңгейінде түзету енгізу керек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Лукин бүгін Сенатқа «ҚР сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

«Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарда соттарға ықпал ете алатын тетіктер бар. Олар қылмыстық іс қозғалмай тұрып-ақ кез келген судьяның үстінен арнайы оперативті-іздеу шараларын жүргізе алады. Облыс прокурорының рұқсатын алса болды. Сол сәттен бастап оны жасырын тыңдап, судьяның өмірі мен жақындары туралы жеке мәліметтерді жинай алады. Сол себепті соттар олардан қорқады», - дейді ол.

Лукиннің сөзінше, судьяларға қатысты мұндай шараларды жүргізуге тек бас прокурор рұқсат беруі керек.