×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Парижде наразылықтардан кейін 10 мың тоннадан астам қоқыс жиналды

18.03.2023, 09:18
Ашық дереккөз

Ереуілге байланысты Париж көшелерінде 10 мың тоннадан астам қоқыс жиналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Парижде шерулерді тарату кезінде наразылар көшелерде жиналған көліктер мен қоқыстарды өртеп жіберген.

Зейнеткерлік жасты ұлғайту туралы заң жобасына наразылық білдірушілер мен тәртіп сақшылары арасындағы төбелес түстен кейін басталды – қақтығыстар полиция адамдарды тарату үшін су атқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолдана бастағаннан кейін бір жарым сағатқа созылды. Жауап ретінде наразылық білдірушілер көшеде қалған көліктерді, тіректерді, сондай-ақ коммуналдық қызметкерлердің ереуіліне байланысты шығарылмаған қоқыстарды өртеп жібермек болды.

Француздардың наразылығы қаңтардың 19-ында басталды – ел билігі зейнеткерлік жасты 2030 жылға қарай 64-ке дейін көтеру туралы шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары