×
447.89
476.78
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.89
476.78
4.79

Трамп екі жыл бұғаттаудан кейін YouTube пен Facebook-ке қайта оралды

18.03.2023, 11:24
Ашық дереккөз

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп тыйым салынғанына екі жыл салып YouTube пен Facebook желілеріндегі аккаунттарын қалпына келтірді. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Экстравагант саясаткер осы әлеуметтік желілерде 2024 жылғы президенттік сайлауға арналған «Мен оралдым» деп аталатын қысқа бейнеролик жариялады.

«Біз нақты әлемдегі зорлық-зомбылықтың жалғасып келе жатқан қаупін мұқият бағаладық, сонымен бірге сайлаушылардың сайлау алдында негізгі ұлттық кандидаттарды тыңдау мүмкіндігін теңестірдік», - деп түсіндірді YouTube өз шешімін.

Еске салайық, Дональд Трамптың парақшалары 2021 жылдың 6 қаңтарында оның жақтастары АҚШ Конгресінің ғимаратын басып алғаннан кейін бұғатталған болатын.

Бұған дейін Дональд Трамп Джо Байденнің әлемді үшінші дүниежүзілік соғыстың шегіне жеткізгенін айтып, сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Украинадағы соғысты тоқтата алатынына уәде берген.

Серіктес жаңалықтары