×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Алматы облысында картингке барған 10 жасар бала қаза тапты

03.05.2022, 11:08
Pixabay

Алматы облысындағы Іле ауданында картингке барған он жасар бала мерт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, бала көлікпен пластмасс тосқауылды бұзып өтіп, су таситын ГАЗ-53 көлігінің артына соғылған.

"Куәгерлердің айтуынша, баланың картингін артынан келе жатқан адам соққан. Кейін инерциямен тосқауылды бұзып кетті. Артындағы картингте әйел болған дейді. Оқиға орнына Іле аудандық полиция бөлімінің шұғыл тергеу тобы барды", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде полицейлер тергеу шараларын бастап кетті, куәгерлерден жауап алынып жатыр.