×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Counter-Strike 2 тарихында ең үлкен техникалық секіріс жасады

23.03.2023, 14:33
Ашық дереккөз

Ойын әзірлеушісі Valve Counter-Strike 2 атқышын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңа ойын жазда шығады және Counter-Strike: Global Offensive ойынына тегін жаңарту ретінде таратылады.

Ойын Source 2 қозғалтқышында жасалған. Valve жаңа қозғалтқыштың құралдарын пайдаланып ескі карталарды нөлден бастап қайта жасағанын, бірақ олардың негізгі құрылымы мен мүмкіндіктерін сақтап қалғанын атап өтті.

Әзірлеуші ​​компания атқыштың жаңа нұсқасын «сериал тарихындағы ең үлкен техникалық секіріс» деп атады.

Counter-Strike - қазіргі кездегі ең белгілі, ойыншылары көп ойындарың бірі. Бұл ойынға арналған кәсіби турнирлер киберспортта өте танымал.

Ойынның соңғы нұсқасы Counter-Strike: Global Offensive 2012 жылы шығарылды.

Серіктес жаңалықтары