×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Лукашенконың жеке ұшағы АҚШ-тың санкциясына ұшырады

25.03.2023, 09:20
Ашық дереккөз

АҚШ қаржы министрлігі Беларусьқа қарсы санкцияларды кеңейтті. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ведомствоның сайтында АҚШ министрлігі санкциялық тізімге Беларусь Орталық сайлау комиссиясының жеті мүшесін, МАЗ және БелАЗ кәсіпорындары мен олардың басшыларын, сондай-ақ президент Александр Лукашенконың Boeing 737 жеке ұшағын енгізгені айтылған.

«Бұл әрекеттер Америка Құрама Штаттарының Минск режимін Ресей Федерациясының Украинаға қарсы жалғасып жатқан негізсіз таңдаулы соғысына қатысқаны үшін жауапқа тартуға дайын екендігін көрсетеді.

Лукашенконың авторитарлық режимі беларусь халқына қарсы репрессиялық әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қомақты кіріс алу үшін мемлекеттік кәсіпорындар мен негізгі шенеуніктерге сүйенеді», - деді Қазынашылық хатшысының терроризмге қарсы және қаржылық барлау жөніндегі орынбасары Брайан Нельсон.

Қаржы министрлігі Лукашенконың демократияны басып-жаншуға және «Путин соғысын» қолдауына жауапты екеніне сендірді.

Еске салайық, бұған дейін Минскі журналист Лукашенконы балағаттады деп 3 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Серіктес жаңалықтары