×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Прокурор Қайрат Боранбаевты 8 жылға соттауды сұрады

28.03.2023, 10:47
Коллаж Ulysmedia.kz

Ол сонымен қатар бизнесменнің мүлкі де тәркіленуі керек деп есептейді. Сот жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АзияГаз Чунджа бас директоры болған Роман Наханов пен QazaqGaz басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақты да прокурор 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Еске сала кетейік, Қайрат Боранбаевтың ісі сотта былтыр желтоқсаннан бастап қарала бастады. Тергеу нұсқасы бойынша, 2019 жылы Қайрат Боранбаев, Роман Наханов, Тайыр Жанұзақ пен Ибулла Серді өздерінің бақылауындағы «АзияГаз Чунджа» ЖШС арқылы Qazaq Gaz ұлттық компаниясынан (бұрынғы ҚазТрансГаз) газ тасымалдау кезінде қаражат жымқырған. Істе прокурорлар жымқырылған сома көлемі 14,5 млрд теңге екенін айтады.

Үш айыпталушы – Қайрат Боранбаев, Роман Наханов, Тайыр Жанұзақ өзіне тағылған айыппен келіспейді. Ибулла Серді шет елдердің бірінде былтырдан бері бос тасалап жүр.

Қайрат Боранбаевты қолдауға өткен отырыстарда Мәскеуден МУЗ-ТВ басшысы Арман Дәулетияров, Алматыдан әншілер Байғали Серкебаев пен Нағима Есқалиева келген. Танымал куәгерлер соттан Боранбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуді, оны қамаудан үйқамаққа жіберуді өтініп, керек болса ол үшін кепіл бола алатындарын айтқан болатын.

Бұған дейін сот отырысында куәгер ретінде «АзияГаз Чунджа» компаниясының заңгері Эльмира Баттал жауап беріп, мемлекеттік органдар компанияға әртүрлі қысым көрсетіп, айыппұл салып, газ нарығынан ысырғалы жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұлай кете берсе АзияГаз Чунджа компаниясы банкротқа ұшырайды.

Серіктес жаңалықтары