×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Алматыда заңсыз сатылымға шыққан тұрғын үй кешені анықталды

29.03.2023, 18:15
Фото: Ашық дереккөз

Алматы әкімдігі пәтер сатуға рұқсат берілмеген кезекті тұрғын үй кешенін әшкереледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы қалалық құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, интернет-ресурстарда «DEMEU Residence» тұрғын үй кешенінде құрылыс салушы Demeu Development пәтерлердің сатылуы бойынша хабарландырулар жарияланған.

«Меншік иесі құрылысқа рұқсат құжаттарын алған жоқ. Сонымен қатар қаланың 192-ші өндірістік кооперативінде орналасқан жер учаскесінің мақсатты бағыты жеке қосалқы шаруашылық жүргізу болып табылады. Учаскеде құрылыс жүргізілмейді. Алайда хабарландыруда тұрғын үй кешенін ағымдағы жылдың IV тоқсанында тапсыру жоспарланғаны көрсетілген», - делінген әкімдік ақпаратында.

Басқарма өкілдері, қала тұрғындарын абай болуға және жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын +7 (727) 229-81-36 нөмірі бойынша салынып жатқан ТК құжаттардың толық пакетін тексеруге шақырады.

Серіктес жаңалықтары