×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қаңтар оқиғасы: Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сот басталды

30.03.2023, 12:04
Facebook

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында қаңтар оқиғалары кезінде әуежайды басып алу туралы ісі бойынша отырыс басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша сот процесі басталды. Әкімшілік тұтқынға алудан кейін әуежайға барып, онда небары 20 минут болған Әйгерім Тілеужанованы айыптаған тергеудің ұшқыр қиялына қайранмын! Оларға айыптау актісін емес, фантастика мен детективтер жазу керек! Әділдік орнайды, Әйгерім ақталады деп сенеміз!",- деп жазды адвокат Гүлнар Жуаспаева.

Естеріңізге сала кетейік, Тілеужанова 2022 жылдың қараша айынан бастап үйқамақта. Белсенді оған тағылған барлық айыптарды жоққа шығарады.

Алматы қаласының №3 аумақтық сайлау округі Тілеужанды Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде тіркемеген болатын. 18 ақпанда кандидаттарды тіркеу мерзіміне 15 минут қалғанда комиссия мүшелері белсендінің сайлау жарнасының төленгені көрсетілген банк құжатының растығына күмән келтірген.

Алайда Жоғарғы сот Жоғарғы сот Тілеужанды сайлаудан шеттету шешімін заңсыз деп таныды.

Әйгерім Тілеужан ақпан айының соңында депутаттыққа кандидат куәлігін алмақ болған кезде ұсталды. Аудандық сайлау комиссиясына келген кезде оны полиция күтіп тұрғаны туралы хабарланды.

Серіктес жаңалықтары