×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Қазақстанға көлікпен бидай әкелуге тыйым салынбақ

30.03.2023, 14:49
world-nan.kz

Қазақстан аумағына көлікпен бидай импорттауға шектеу енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында жазылған.

«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тұқымдық бидайды қоспағанда, бидай импорттауға алты айға тыйым салынсын. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін», - делінген Ауыл шаруашылығы министрінің бұйырығында.

Құжат 5 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Айта кетсек, бұдан бұрын елімізде Ресейден астық әкелуге тыйым салу мүмкіндігі қарастырылып жатқаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары