×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Иран билігі орамалсыз әйелдерді аяусыз қудаламақ

02.04.2023, 09:13
Ашық дереккөз

Иран билігі әйелдерді хиджабсыз халық алдына шыққаны үшін қудалайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Иранның сот билігінің басшысы Голамхоссейн Мохсени Эжеи: «Жердемді алып тастау ұлттық құндылықтарға дұшпандықпен пара-пар» деді.

«Осындай жат қылықтар жасағандар жазаланып, аяусыз қудаланады», - деді ол.

Еске салайық, Иранда Махса Амини қайтыс болғаннан кейін 2022 жылдың 16 қыркүйегінде басталған үкіметке қарсы шерулер алты айдан астам уақыт бойы өтті. Иран вице-полициясы 22 жастағы қызды хиджабты дұрыс кимеген деген айыппен ұстады.

Ирандық жас әйелдің туыстарына оны «қайта тәрбиелеу шараларынан» кейін полиция бөлімшесінен босатамыз деп уәде еткен. Осындай сеанстан кейін үш сағаттан соң қыз ауруханада қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары