×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Украина Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуіне қарсылық танытты

02.04.2023, 15:23
Ашық дереккөз

1 сәуірден бастап Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етеді. Бұған Украина наразы болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азаттық хабарлағандай, Украина басшысы Владимир Зеленский бұл халықаралық институт ретінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тығырыққа тірелгенін көрсетеді.

Күн сайынғы кешкі мәлімдемесінде Зеленский Ресей жүргізіп жатқан басқыншылық соғыстан бейбіт тұрғындар, оның ішінде балалар опат болып жатқанын айтты. Ол ғаламдық институттарға реформа қажеттігін атап өтті. "Террористер қандай да бір жерде төрағалық етудің орнына террор жасағаны үшін жауап беруге тиіс" деді Зеленский.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуін "1 сәуір күнгі ең нашар қалжың" деп атады.

"Халықаралық қауіпсіздіктің басты ережелерін жүйелі түрде бұзып жатқан мемлекет мақсаты халықаралық қауіпсіздікті сақтау болып табылатын органға жетекшілік етеді" деді Кулеба.

Еуропа дипломатиясының жетекшісі Жозеп Боррель 1 сәуірде Twitter'де "Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етеді. Қалжың күніне лайықты [жаңалық] екен. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі Ресей БҰҰ-ның жарғыларын үнемі бұзады" деп жазды.

Боррельдің айтуынша, Еуроодақ Ресейдің өкілетін асыра пайдалануына қарсы тұрады.

The Guardian жазуынша, АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты елдер Ресей төрағалық еткен шақта БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі өкілдіктерінің деңгейін төмендетуі мүмкін. Алайда мәселе бойкот немесе протест жөнінде болып отырған жоқ.

Серіктес жаңалықтары