×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Ескі Қазақстанның" белгілері байқалды": Тұрлыхановтың ұлына қатысты тергеу аяқталды

04.04.2023, 08:32
"Ескі Қазақстанның" белгілері байқалды": Тұрлыхановтың ұлына қатысты тергеу аяқталды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматылық заңгерлерді соққыға жыққан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қоғамдық резонанс тудырған істің мән-жайын жәбірленуші Анна Дмитриевич Instagram парақшасында жазды.

"Қылмыстық істі тергеу аяқталды және танысу сатысына өтті, содан кейін ол сотқа жіберіледі. Бірінші кезекте барлық Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Сондай-ақ, бұл істі жариялаған журналистерге алғыс айтамыз”, – деді Анна Дмитревич.

Оның сөзінше, қысқа мерзімде процедуралық шешім қабылданған. Сараптамада денсаулыққа орташа зиян келтірілгені анықталғаннан кейін іс қайта даярланып, Ішкі істер министрлігінің Қарулы Күштеріне жіберіліпті.

"Істі кім нақты қадағалағаны белгісіз, бірақ мұндай қысқа мерзімде жүргізілген тергеу әрекеттерінің көлеміне қарағанда, күнделікті қадағаланғаны анық. Шынымды айтсам, "Ескі Қазақстанның" белгілері байқалды, бірақ тергеудің принциптілігінің арқасында тергеу аяқталды. Ісіміз әскери сотқа жіберіледі. Онда жағымсыз тосынсыйлар болмайды және бәрі заң аясында өтеді деп үміттенемін", – деп жазды Дмитриевич.

Еске салайық, ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеді.

Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-нің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бұрын Дәулет Тұрлыханов ұлының бұзақылық ісі жайлы пікір білдірген. Оның сөзінше, жәбірленушілер татуласуға ниет білдірген.

Алайда соққыға жығылған заңгерлер депутаттың сөзін жоққа шығарды.